Аршалы ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі
Құрметті достар! «Ғасырлар аманаты» экспозициялық - көрме жобасы жалғасуда. Бүгін, 12 маусым күні Ақмола облысының Аршалы ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрменің ашылу салтанатында Аршалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кажетов Абай Қабденұлы құттықтау сөздерін жолдады. «Ғасырлар аманаты» көрме жобасы және көрменің ұйымдастырылу мақсаты туралы Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Изанова Гүлден Камакайқызы баяндап берді. Экскурсовод Айгерім Бауыржанқызы Айдарбекова көрме бойынша тақырыптық экскурсия өткізді. Осы көрме аудан тұрғындарына өлкеміздің мәдениеті мен тарихының тұңғиығына бөленуге мүмкіндік береді.
Құрылған күні: 13.06.2019 9:43
Жаңартылған күні: 13.06.2019 9:43
Қаралым саны: 1853