Сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері көрмесі
Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейі ұйымдастырған Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына 2019 жылғы 13 маусым күні Көкшетау театрының аллеясында сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері көрмесіне бару арқылы сұлулық әлеміне енудің керемет мүмкіндігі туындады. Көкшетау қаласының қолөнершілері, өнер шеберханаларының шеберлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық Сәндік-қолданбалы өнер ассоциациясы, «Палитра Синегорья» шеберлері ұлттық дәстүрден туындаған табиғи материалдардан жасалған бұйымдарды көрсетті. Бұл заманауи дизайн жаңартпаларымен безендірілген киіз, ағаштан жасалған қайталанбас бұйымдар, табиғи тастар мен бисерден жасалған кәдесыйлар, әсем кесте, өрнектелген былғары, гобелендер, фарфор пластиктері және тағы басқалары.
Қатысуға 33 шебер өтінім берді. Тұрақты қатысушылардың арасында – қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық маңызы бар көрмелерге қатысқан аға ұрпақтың өкілдері болды. Олар - әмбебап шеберлер Шоқан Елеманов (қазақ музыкалық аспаптары, ұлттық ағаштан жасалған кәдесыйлар), Смағұл Кенжебай (тоқыма және кесте), Вера Фризен (ағаш және фарфорға жасаған кескіндеме, ұлттық дәстүрлі киізден жасалған паннолар), Лидия Власенко (көркем кесте және тоқыма), Альбина Байковская (көркем кесте) және т.б. Олардың көбісі ҚХАА Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері ассоциясының (басшысы Гүлнар Аскапова) мүшелері.
Рустам Яковлев барлық көрмелерде былғары бұйымдарымен: белбеулер, амулеттер, білезіктерімен танылады. Шебер көптеген келушілерді жинаған өзінің мастер-классында шикізатты көркем өңдеудің құпияларымен бөліскен.
Фарфор пластикасы бар өнер шеберханалары - халық шығармашылығының барлық көрмелерінде сөзсіз қатысушылары болып табылады. Кәдесый өнімдерімен мүсінші Виталий Глухов таныстырды.
«Шығармашылық палитрасы»-ның жас ұрпақтары қызықты шешімдерімен және қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, ерекше материалдардан жасаған бұйымдарының шығармашылық идеяларымен таң қалдырды. Тіпті құрылыста қолданылатын фоамиран және изолон Селенюк Татьяна мен Елена Бородулинаның қолдарында керемет гүлдер мен әшекейлерге айналды. Ал Ольга Громова-Булгакованың жұмыстарында қағаз «жүзім бұтасы» болып шықты. Елена Дастурованың декупажбен жасаған зергерлік сандықшаларын қараған кезде XIX ғасырдың батыс интерьерін елестете аласыз. Адемау Рахимованың, Әлия Баймулдинаның, Алтынай Сүлейменованың еңбектерінде - ұлттық колорит байқалды.. Сутаж, полимерлік балшық, қолдан істелінген сабын, тоқыма... «Синегорья палитрасында» (басшысы Елена Андроняк) біріккен шеберлер өзінің бұйымдарын әртүрлі заттардан жасаған. Бүгінгі күні көрмеге 14 шебер қатысты.
Артэкспозиция жергілікті суретшілердің (Суретшілер Одағының төрағасы Юрий Попов), Кокшетау қаласы оқу орындарының (Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Ақан сері колледжі), Балалар көркемсурет мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының 30 суреттерінен тұрды.
Көрме қолөнер шығармашылығын сүйетін жандардың, халық шығармашылығын өндіруші мен сатып алушылардың мүдделерін біріктірді. Халық шығармашылығының палитрасында облыстық орталықтың 700 жуық азаматтары мен қонақтары жәрмеңкенің атмосферасына кенеліп, қолдан жасалған көркемөнер бұйымдарына қол жеткізе алды.
Көрмені Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, Әдебиет және өнер музейі, Көкшетау тарихы музейлері ұйымдастырды.
Құрылған күні: 13.06.2019 18:14
Жаңартылған күні: 13.06.2019 18:14
Қаралым саны: 3184