Рашит Минихановтың «Палитра творчества РаМи» атты жеке көрмесі ашылды
15 наурызында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында танымал қазақстандық фотосуретші, дизайнер, бард, КСРО және ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі, садақпен ату бойынша спорт шебері, 1982-1983 жж. Свердловск облысының чемпионы, «Акфотель» (фото мен акварельдің стандарттық емес қорытпасы) техникасының авторы Рашит Минихановтың «Палитра творчества РаМи» атты жеке көрмесі ашылды. Көрменің ашылу рәсіміне Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Ш.Б. Батырханов, «Арт студия Бурабай» шығармашылық бірлестігінің өнертанушысы Ю. Ж.Крыкбесов, психология профессоры М. Г.Субханкулов, суретшілер, өнертанушылар, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің «Дизайн» факультетінің студенттері қатысты.Фотосуретшінің түрлі жанрлы (кескіндеме, акварель, витраж, дизайн жоба) көрмесі келушілерде үлкен қызығушылық тудырды. Ал қонақтар үшін Рашит Миниханов өзінің авторлық әнін тарту етті.
Құрылған күні: 16.03.2017 3:00
Жаңартылған күні: 16.03.2017 9:59
Қаралым саны: 2127