«ҒАСЫРЛАРДАН СЫР САҚТАҒАН - БУРАБАЙ» көрмесі
Халықтың мәдени мұрасы музейлерде, жеке коллекцияларда сақталып, жинақталып, адамның тарихты жүйелі түрде зерделеуі үшін, ұлттық мұраға құрметпен қарауға, адамгершілікке, патриоттыққа және т.б. әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет етеді. Музейді сәтті дамыту үшін экспозицияны үнемі жаңартып отыру керек, осы мақсатпен облыстық музейлерде тұрақты негізде кәсіби суретшілердің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің, қор көрмелері, сонымен қатар жеке коллекциялар көрмесі өткізіледі. Мұндай көрмелердің бірі - «Ғасырлардан сыр сақтаған - Бурабай». ХХ ғасырдың басындағы ашықхаттардың жинағын Қазақстан Республикасының Ұлттық Архиві «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, Қазақстан және шетел басылымдарының 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, «Қазақстанның киелі объекттері» 1.2 т. (2017-2019) энциклопедиясының бас редакторы Берік Әбдіғалиұлы таныстырады.
Ашықхаттар әрдайым қарым-қатынас құралы ретінде үлкен рөл атқарған. Оларды мереке күндері пошта арқылы жіберген, туған күндерге берген, олармен үйді әшекейлеген, альбомдарда мұқият сақтаған. Ашықхат елдегі басты оқиғаларды, адамның өмірін, оның кәсіби жетістіктерін, өндірістік жетістіктерін, техникалық жаңалықтарды бейнелеген. Уақыт өзгерді - ашықхаттардың сюжеттері, олардың эмоционалдық толықтығы өзгерді. Ашықхат ертеден өмір және мәдениет тарихының бір бөлігі болды. Ескі ашықхаттың әсемдігі ерекше. Ол назар аударғызады және күлімсіретеді...
Иллюстрацияланған (көрнекі) ашықхаттар қоғамдық талғамды бағалауға, ұмытылған суретшілердің есімдерін еске түсіруге, өзгеріп жатқан қалалардың бейнесін, сол дәуірдің өмірі мен атмосферасын қайта жаңғыртуға болатын құжаттық дәлел болып табылады.
Бурабай тарихи-өлкетану музейінде орналасқан экспозициялар Бурабай курортының көрікті жерлеріне арналған 20-дан астам революцияға дейінгі кезеңнің ашықхаттарын ұсынады.
Бұл көрменің мақсаты отандық тарихқа қызығушылықты қалыптастыру, өткен ұрпақтың өнегелік құндылықтарын құрметтеу, аймақтың табиғи байлығын сақтау және туристік кластерді дамыту.
Құрылған күні: 21.06.2019 20:06
Жаңартылған күні: 21.06.2019 20:06
Қаралым саны: 1931