Ақмола облысының Шортанды ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі өтті
Құрметті достар! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейі Ақмола облысының қалалары мен аудандарында «Ғасырлар аманаты» атты кешенді тарихи – этнографиялық көрме жобасын жалғастырып жатыр.
Бүгін, 27 маусым күні Ақмола облысының Шортанды ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрменің ашылу салтанатында Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Калмурзаев Ернур Маратұлы құттықтау сөздерін жолдады. Сонымен қатар көрмені қазақ халқының атақты суретші, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнер шебері Кәрім Бектас тамашалады.
«Ғасырлар аманаты» көрме жобасы және көрменің ұйымдастырылу мақсаты туралы Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Изанова Гүлден Камакайқызы баяндап берді. Экскурсовод Айгерім Бауыржанқызы Айдарбекова көрме бойынша тақырыптық экскурсия өткізді. Осы көрме аудан тұрғындарына өлкеміздің мәдениеті мен тарихының тұңғиығына бөленуге мүмкіндік береді.
Құрылған күні: 27.06.2019 20:50
Жаңартылған күні: 27.06.2019 20:50
Қаралым саны: 2444