«Ғасырлар аманаты» атты кешенді тарихи – этнографиялық көрме жобасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейі Ақмола облысының қалалары мен аудандарында «Ғасырлар аманаты» атты кешенді тарихи – этнографиялық көрме жобасын жалғастырып жатыр. 18 шілде күні Ақмола облысының Бұланды ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрменің ашылу салтанатында Бұланды ауданы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушысы Қажығалиев Жанбота Қанатұлы және "Ақ жаулық" ансамблінің солисті Кембаева Сағат құттықтау сөздерін жолдады. Аудан тұрғындары музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. «Ғасырлар аманаты» көрме жобасы және көрменің ұйымдастырылу мақсаты туралы Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Изанова Гүлден Камакайқызы баяндап берді. Экскурсовод Айгерім Бауыржанқызы Айдарбекова көрме бойынша тақырыптық экскурсия өткізді.
Құрылған күні: 01.08.2019 17:15
Жаңартылған күні: 01.08.2019 17:15
Қаралым саны: 2169