Бурабай тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні» акциясын өткізу бойынша ақпарат
2019 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Музей түні» акциясы Ақмола облысының музейлерінде ай сайын өткізіледі. Бурабай тарихи-өлкетану музейінде 10 тамыздан бастау алып, «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ барлық филиалдарында жалғасын табады.
Акцияның басты мақсаты келушілерді мәдени және тарихи мұраға арналған жарқын, қызықты бағдарламамен қызықтыру болып табылады. Халыққа деген жайдарылық – барша әлем «музей түнінің» негізгі ұраны.
Осы түні Бурабай тарихи-өлкетану музейінде түнгі қонақтар үшін музей залдары бойынша шолу экскурсиясы; «Бурабайдың күзгі палитрасы» фильмінің көрсетілімі өтті. ҚР Ұлттық Архивтер «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, Қазақстан және шетелде басып шығарылған 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, «Қазақстанның киелі жерлері» энциклопедиясының бас редакторы Берік Абдығалыұлының топтамасынан ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы ашық хаттарының «Ғасырлардан сыр сақтаған Бурабай» тақырыптық көрмесі ерекше қызығушылық тудырды.
«Музей түні» акциясында «Буабай -Даму» ЖШС және «Таңғажайып өлке» кітап көрмесі мен кәдесыйлардың көрме сатылымын ұйымдастырған Бурабай кентінің кітапханасы белсенді атсалысты.
Түнгі қонақтар XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасыр басының таңғажайып атмосферасына кенеліп, заманауи Бурабайға енді, сонымен бірге олар жадында ұмытылмас сурет қалдыра алды.
Акцияға барлығы 528 адам қатысты. Келушілер арасында Бурабай к. әкімшілігінің өкілдері, Визит-центр директоры Р.А. Адилов, Мәдениет үйі директоры Ж.Д. Нұрымова, кент тұрғындары мен демалушылары болды.
Құрылған күні: 12.08.2019 16:52
Жаңартылған күні: 12.08.2019 16:54
Қаралым саны: 1632