«Ұлытау – Алтын Орданың бесігі»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Жастар жылы аясында Алтын Орданың 750 жылдығына орай 2019 жылдың 23-29 қыркүйек аралығында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған «Ұлытау – Алтын Орданың бесігі» ғылыми-танымдық экспедициясына Ақмола облыстық тариих-өлкетану музейінің экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі Айдарбекова А.Б. қатысты.
Ғылыми-танымдық экспедицияға қатысушылар:
- Тарихшы-ғалымдар
- Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің, Жезді кентінің тау-кен және балқыту ісі музейінің, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері.
- Қарағанды облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының қызметкерлері;
- студенттер;
- өлкетанушылар;
- журналистер мен блогерлер;
- суретшілер;
- географтар;
- түсірілім тобы;
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол полиция қызметкерлері мен дәрігерлер. (Топ құрамы - 30 адам)
Экспедиция Қарағанды – Жезқазған – Ұлытау бағыты бойынша өтті, қатысушылар Алтын Орда дәуірінің қасиетті объектілерін тамашалады:
- Жұбан ана кесенесі (Жуан әулие)
- Болған ана кесенесі;
- Жошы хан кесенесі;
- Орда-базар;
- Алаша хан кесенесі;
- Ерден Сандыбайұлының кесенесі;
- Домбауыл кесенесі;
- Дүзен кесенесі;
- Едіге би зираты;
- Алтыншоқы тас ескерткіші.
- Басқамыр қалашығы;
- Теректі Әулие
Сондай-ақ Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің, Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің экспозициялық залдарын тамашалады.
Құрылған күні: 01.10.2019 15:57
Жаңартылған күні: 01.10.2019 15:57
Қаралым саны: 2686