Бүгін, 2019 жылдың 10 қазанында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін, 2019 жылдың 10 қазанында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Бірінші бөлімде "Ғасырлар аманаты" экспозициялық-көрме жобасының қорытындысы бойынша АОТӨМ экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі А.Б. Айдарбекова сөз сөйледі. «Ғасырлар аманаты» жобасы Ақмола облысының 10 ауданын қамтыды, көрмеге 9000-нан астам адам қатысты, ол Ақмола облысының тұрғындарына киелі нысандармен, сондай-ақ, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларында сақталған қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің құнды артефактілері мен жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік берді. Баяндаманың екінші бөлімі Алтын Орданың 750 жылдығына Қарағанды тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған Қарағанды – Жезқазған – Ұлытау – Қарағанды бағыттары бойынша өткен, «Ұлытау-Алтын Орданың бесігі ғылыми – танымдық экспедициясына арналды. Қатысушылар арасында біздің музейдің өкілі Айгерім Бауыржанқызы Айдарбекова болды.
Ғылыми-әдістемелік кеңестің қонағы Амантай Мәуленқызы Исқақова 2019 жылы өзінің жаңа экспозициялық залдарын ашқан Ақмола облысы Полиция департементінің музейін таныстырды.
Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының екінші бөлімінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор—іріктеу комиссиясы өтті. Іріктеу үшін Жақсы ауданына кешенді тарихи-этнографиялық экспедиция барысында жиналған музейлік маңызы бар заттар ұсынылды. Экспедиция «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» музейлік жобасы аясында өткізілді. Музей қорына барлығы 107 бірлік түсті.
Құрылған күні: 10.10.2019 17:37
Жаңартылған күні: 10.10.2019 17:38
Қаралым саны: 1496