Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаевтың брифингі
2019 жылдың 28 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммунакациялар қызметі ұйымдастырған іс-шарада Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы Ақмола облысының басты жетістіктері, сондай-ақ 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеме жасады. Аталмыш іс-шарада Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, Әдебиет және өнер музейі мен Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы бірлесіп, Ақмола облысының қасиетті нысандары мен облыс әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған "Бурабай аңыздары" Халықаралық суретшілер форумына қатысқан 10 мемлекеттің 20 кәсіби суретшілерінің туындылары ұсынылған көрме ұйымдастырды.
Құрылған күні: 28.10.2019 17:25
Жаңартылған күні: 28.10.2019 17:25
Қаралым саны: 1560