«Туған жер – тұңған тарих» атты облыстық дөңгелек үстел
2019 ж. 5 қараша күні Ақмола облысының білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Туған жер – тұңған тарих» атты облыстық дөңгелек үстелге Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері Ж.К.Укеев пен М.Ю. Половцев қатысып, өздерінің археология саласы бойынша тәжірибелерімен бөлісу үшін «Есіл-Шағалалы өзендерінің аралығындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу» тақырыбындағы баяндамаларымен қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өздерінің тәжірибелері мен алдағы жылдарға арналған жоспарларымен бөлісті.
Құрылған күні: 05.11.2019 19:11
Жаңартылған күні: 05.11.2019 19:11
Қаралым саны: 1655