Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің айғағы – Ұлттық валюта күні
1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Араға үш күн салып, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізіледі.
Ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде.Кейіннен теңгеміздің кескіні түбегейлі өзгерді. Жаңа үлгідегі банкноттар бірыңғай стильде жасалды.
Аталмыш мерекеге байланысты Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалдарында бірқатар іс-шаралар өтті:
* Атбасар тарихи-өлкетану музейі - "Теңге - тәуелсіздік нышаны" көрмесі;
* І.Есенберлин атындағы әдеби музейі - "Ұлттық валюта - мемлекет мақтанышы" дәрісі;
* Маринов тарихи-өлкетану музейі - "Как появился тенге" дәрісі;
* Степногор тарихи-өлкетану музейі - "Тенге - особенности национальной валюты" тақырыптық көрмесі;
* Ерейментау тарихи-өлкетану музейі - "Теңгелер тарихы" дәрісі;
* Щучье тарихи-өлкетану музейі - "Ұлттық теңге - Тәуелсіздік символы" дәрісі;
* Бурабай тарихи-өлкетану музейі - "Тенге облик Независимости" көрмесі.
Құрылған күні: 15.11.2019 12:01
Жаңартылған күні: 15.11.2019 12:02
Қаралым саны: 2163