Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Дулат Қоспановтың туындылары Кипрде

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Дулат Қоспановтың туындылары Кипрде 0 ҚР Суретшілер одағының мүшесі Дулат Қоспановтың туындылары Кипрде 1

Құрметті достар, бізде сіздер үшін жақсы жаңалығымыз бар!

КСРО, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Суретшілер академиясының корреспондент-мүшесі, біздің жерлесіміз Дулат Қоспанов Кипр заманауи өнер музейіне (Кипр, Никосия қаласы) 8 авторлық жұмысын тапсырды, олардың ішінде, автордың ең сүйікті туындысы, Ұлы ханның күрделі сипатын дәлме-дәл беретін монумент жұмысы «Абылай хан» картинасы (2019 ж.).

Оның еңбектерімен көптеген адамдар таныс – шебер Дулат Қоспановтың ең үздік туындылары ҚР Ұлттық музейінің қорында және бізде сақталады, сонымен қатар Қазақстан және басқа да елдердің галереялары мен жеке коллекцияларында ұсынылады. Енді біздің жерлесіміз Дулат Әбдірахманұлының шығармашылық жұмыстары Кипр заманауи өнер музейінде қойылады.

Кипрдің заманауи өнер музейі 14 түркі мемлекеттерінен келген суретшілердің туындыларына бай коллекцияға ие. Атап айтқанда, онда Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қарғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Гагаузия, Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Алтай, Тува және Халай Республикаларының жұмыстары ұсынылған.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы кезекті жетістікпен шын жүректен құттықтайды және алдағы уақытта сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс тілейді.

Яндекс.Метрика

A+AA-