ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен Изанова Г.Қ. марапатталды.
2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған облыстық кәсіподақ активінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Гүлден Қамақайқызы Изанова өскелең ұрпақтың рухани дамуына және кәсіподақтың белсенді өміріне зор үлес қосқаны үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі А. Райымқұлованың Құрмет грамотасымен марапатталды. Гүлден Қамақайқызы Сізді құрметті марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз және Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс пен өркендей беруіңізге тілектеспіз.
Құрылған күні: 12.12.2019 20:41
Жаңартылған күні: 12.12.2019 20:41
Қаралым саны: 2245