Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Летопись Независимости в истории края» виртуалдық экскурсиясы
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері А.Садвокасованың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында #17 ОМГ-да өткізілген музейлік сабағы "Летопись Независимости в истории края" деп аталды. Сабақ барысында балалар Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы жылдарындағы тарихы мен жетістіктерімен танысты. Облыстың жетекші өнеркәсіп мекемелерін виртуалды танып, өңіріміздің ауыл шаруашылығының, білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының дамуы туралы мәліметтер алды. Оқушыларға еліміздің қалыптасуының алғашқы жылдары, сондай-ақ Ақмола облысының дамуы туралы фильмдер көрсетілді.
Құрылған күні: 12.12.2019 20:44
Жаңартылған күні: 12.12.2019 20:44
Қаралым саны: 1719