«Алтын Орда және Тәуелсіз Қазақстан тарих пен тағылым» конференциясы
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен болған «Алтын Орда және Тәуелсіз Қазақстан тарих пен тағылым» атты тарихи-тәжірибелік конференциясына Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Ж.К. Укеев «Ұлытау – Алтын орданың бесігі» атты экспедиция жұмысы мен «Қорғалжын ауданындағы ортағасырлық мазарлардың архитектуралық құрылысы» атты баяндамасымен қатысты.
Тарихи тағылымы мол конференция барысында өзге де қатысушылар, ЖОО оқытушылары да түрлі тақырыптарда баяндамаларын жасап, өз зерттеу жұмыстарын ортаға салды. Конференция жұмыстарына мектеп қабырғасынан қатысқан оқушылардың тарихты жақсы зерттеп білуі қуантарлық іс болды. Іс-шара соңы марапат жұмыстарымен аяқталды.
Құрылған күні: 13.12.2019 21:01
Жаңартылған күні: 13.12.2019 21:02
Қаралым саны: 2410