Тәуелсіздік күні қарсаңында музей ұжымының мерекелік отырысы
Қазақстанның Тәуелсіздік Күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсан күні мерекеленеді.
Тәуелсіздік Күні қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұжымның мерекелік отырысы өтті. Музей қызметкерлеріне жас мамандардың қатысуымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдеріне арналған бейне-ролик көрсетілді. Сонымен қатар, қызметкерлер Тәуелсіздік Күнін мерекесі құрметіне құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды: Г.К. Изанова – Мәдениет және спорт министрінің құрмет грамотасымен; «Қазақстан мәдениет, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен: А.Б. Айдарбекова, Г.У. Шамиғанова, М.У. Нұржанова, ал, алғыс хатымен – А.С. Омарова марапатталды.
Бүгін Қазақстан халықаралық аренада танымал және әлемдік экономикалық жүйелер арасында лайықты орынға ие деп сеніммен айтуға болады.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен құттықтайды және береке-бірлік, ашық аспан тілейді.
Құрылған күні: 13.12.2019 21:06
Жаңартылған күні: 13.12.2019 21:06
Қаралым саны: 2135