«Жеңіс сарбазы» айдары. Талғат Бигелдинов
2020 жылдың 9 мамыр күні еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеді. Мереке қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жеңіс сарбазы» айдарын ашады. Біз сіздермен бірге тарихтың қайғылы және даңқты беттерін парақтап, Ұлы Жеңіс Батырларының есімдерін еске түсіргіміз келеді.
Талғат Бигелдинов
Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-майоры, ұшқыш-шабуылшы. Ұлы Отан соғысы жылдарында қатардағы ұшқыштан авиация полкінің командирі дәрежесіне дейінгі майдан жолынан өтті, жауға қарсы 305 дүркін ұшып шықты. 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы Майбалық ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтар айынан бастап Калинин, Воронеж, Далалық, бірінші және екінші Украин майдандарында 114-ші гвардиялық шабуылшы авиация полкінің құрамында шайқасты. Соғыстың соңғы айларында оның штурмовиктері Одер және Гитлердің ордасын талқандауға қатысты. Сан рет батылдық пен ерліктің, тапқырлық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, даңққа бөленді. Ленин ордені, екі рет Қызыл Ту ордені, бірінші және екінші дәрежелі Отан соғысы ордендері, Александр Невский ордені, Қызыл Жұлдыз ордені және 3-дәрежелі Даңқ орденімен, медальдармен марапатталған.
Құрылған күні: 08.01.2020 11:16
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:43
Қаралым саны: 2555