«Жеңіс сарбазы» айдары. М.Ғабдуллин
Құрметті достар, "Жеңіс сарбазы" айдарын жалғастырамыз.
Мәлік Ғабдуллин (1915-1973)
Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр.
Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1941-1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан соғысына қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады, алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медаліменде қоса марапатталады.
Сондай-ақ Ленин ордені, Қызыл Ту, екі Қызыл жұлдыз, 1-і дәрежедегі Ұлы Отан соғысы ордендерімен және КСРО медальдарімен марапатталған.
Құрылған күні: 09.01.2020 21:09
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:43
Қаралым саны: 2785