17 сәуір күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өркениеттің қалдықтары: мәселелері мен шешу жолдары» атты жоба аясында Халықаралық мамандандырылған Астана ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» атты көрмеге арналған «Жерді қорғау күні» атты ғылыми жобалар байқауы өтті
Өткізу мақсаты қоршаған ортаны қорғау ісі тәжірибесінде экологиялық хабардарлықты таратуға және жеке қатысуға деген ықыласты ояту, экологиялық хабардарлықты пен құрмет сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтардың қауіптілігіне, қалалардың ластануына көңіл бөлу болып табылады. Байқауға №16, №4 ОМ, №3МГ, №13 «Экос» ЭМГ, №5 «Таңдау» МГ, «Жұлдыз» БАК «Экознайка» үйірмесі қатысты.
Қорытынды бойынша бірінші орынды «Вторая жизнь для бумаги» жұмысымен №5 «Таңдау» көп салалы гимназия мектебінің оқушысы Андрей Васильченко иеленді. Екінші орынға №4ОМ оқушысы «Исследование мусоросжигательных тепловых электростанций» жұмысымен Татьяна Худякова, ал үшінші орынға «Ауаны ластайтын заттар» жұмысымен №16 ОМ оқушысы Мирай Бекахметова ие болды.
Құрылған күні: 18.04.2017 20:45
Жаңартылған күні: 18.04.2017 17:49
Қаралым саны: 2334