«Жеңіс сарбазы» айдары. Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988)
Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының қатысушы, Қызыл әскерінің офицері. Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген. 1942 ж. Кеңес әскері қатарына алынып, 1944 ж. Фрунзе (қазіргі Бішкек к.) жаяу әскер училищесін бітірді. 1944 жылдың қазан айынан 1-Беларусь майданы 150-атқыштар дивизия- сының құрамында Польшаны азат ету және фашистік Германия әскерлерін талқандау ұрыстарына қатысты. Берлин операциясы кезінде Қошқарбаев ерекше ерлік көрсетті. 1945 ж. 30 сәуірде жауынгер Г.Булатов екеуі күндізгі сағат оннан кешкі алтыға дейін 360 м қашықтыққа еңбектеп жетіп, ені мен ұзындығы 1 метрдей Қызыл туды Рейхстагтың кіре берісіндегі орталық есігінің маңдайшасына тікті.
Р. Қошқарбаев сондай-ақ Қызыл Ту, "І дәрежелі Отан соғысы" орденімен, "Берлинді алғаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" медальдарымен марапатталды. 2001 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен Р. Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді. №1 Қосшыдағы орта мектебіне Қошқарбаевтың есімі берілген, Нұр-Султан қаласында ескерткіш орнатылған.
Құрылған күні: 14.01.2020 21:33
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:44
Қаралым саны: 3244