Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

«Жеңіс сарбазы» айдары. Григорий Асеев (1939-1944)

«Жеңіс сарбазы» айдары. Григорий Асеев (1939-1944)

Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-мерген, радист, гвардиялық аға сержант

1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Володар (қазіргі Айыртау) ауданындағы Петропавл селосында туған. 1939 жылы Әскери-теңіз флотына қызметке шақырылған. Кейін Тынық мұхит флотының әскери-әуе күштерінің кіші авиа мамандарын дайындайтын біріккен мектебіне оқуға жіберілген. 1942 жылдың қаңтарынан Ұлы Отан соғысының шайқастарына қатысты.

Гвардиялық аға сержант Г.С.Асеев 81 рет әуе шабуылына қатысып, жаудың 4 көлігін, 2 күзет кораблін және 7 мотоботын су түбіне жібереді. Бірнеше жау самолетін атып түсіреді. 1944 жылдың 16 қазанында Хибергкесет мүйісі (Норвегия) аумағында Асеевтің самолетіне оқ тиеді. Соған қарамастан жанып бара жатқан машинаның экипажы торпеданы жіберіп үлгерді, сөйтіп жаудың кораблін суға батырды. Бірақ ұшқыш қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 5 қарашадағы Жарлығымен Григорий Сафронович Асеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сонымен қатар ол Ленин, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Яндекс.Метрика

A+AA-