«Жеңіс сарбазы» айдары. Андрей Остапенко (1925-1979)
Кеңес одағының Батыры, 3-ші Украина майданы 57-ші әскер 113-ші атқыштар дивизиясы 1292-ші полк автоматшысы.
1925 жылдың 13 желтоқсанында Краснодар өлкесі Горячий ключ қаласы Кутаиск станциясында дүниеге келген. Горячий ключ қаласының бала ұйінде тәрбиеленген. 1943 жылдың сәуірінен бастап Қызыл Әскер қатарында, автоматшылар ротасын басқарады, Днепрдан Венаға дейін жетті. Оңтүстік-Батыс, Степной және 3-ші Украина майдандарында соғысты.
1944 жылы 24-ші наурызында Андрей Остапенко жауынгер жолдастарымен бірге плацдарманы жаулап, Южный Буг өзенінен өтті. Шайқас кезінде А. Остапенко 17 фашистің көзін жойып, қосымша күштің келуіне дейін плацдарманы сақтап қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылдың 3 маусымында Андрей Остапенко жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындап, шайқаста ерлік және батырлық көрсеткені ұшін Ленин орденімен және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталынып, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 1955 жылдан бастап Көкшетау қаласында өмір сүріп, жұмыс істеді. Көкшету қаласындағы көшелердің біріне А.Н. Остапенко есімі берілді.
Құрылған күні: 22.01.2020 16:49
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:44
Қаралым саны: 2188