«Жеңіс сарбазы» айдары. Фёдор Глинин (1922—1960)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия капитаны.
1922 жылы 1 наурызда Ақмола облысы Астрахан ауданы Камышенка ауылында дүниеге келді.
1942 жылы Тамбов жаяу әскер училищесін бітірді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың тамыз айынан қатысты.
176-шы гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирінің орынбасары, гвардия комсомолы. Капитан Федор Глинин 1944 жылдың 5 желтоқсанында батальон басшылығында Эрчи аумағындағы Дунай арқылы (Венгрия, Будапешттен 22 км оңтүстікке қарай) өтіп, плацдармды басып алды. Ленин, 2 дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, сонымен қатар «Будапештті басып алғаны үшін», «Белградты босатқаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Ақмола облысы Көкшетау қ. және Шортанды ауданы Жолымбет к. көшелері батырдың атымен аталған. Көкшетауда ескерткіші орнатылған.
Құрылған күні: 22.01.2020 18:11
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:44
Қаралым саны: 1825