«Музей ғасыры» дәрісі
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі 1920 жылы Көкшетау уездік халыққа білім беру бөлімі жанындағы көрнекі құралдардың музейі ретінде құрылған болатын, яғни 2020 жылы музейге 100 жыл толып отыр.
Мерейтой жылы мен "Week of history" мəдени-білім беру жобасы аясында 2020 жылдың 23 қаңтар күні музей экскурсоводы Дыбыс Нұргүл Еркінқызы №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының оқушыларын арнайы шақырып "Музей ғасыры" дəрісін өткізді. Дəріс музей тарихын танытуға бағытталып, музейіміздің алғашқы жəдігерлерінің бірі және ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері, батырымыз Хамит Нұртазин туралы мәліметтер баяндалды. Тартымды əрі қызықты өткен дəріс музей экспозициясын таныстырумен аяқталды.
Құрылған күні: 23.01.2020 19:12
Жаңартылған күні: 23.01.2020 19:12
Қаралым саны: 1282