Кокурхоев Магомет Иссаевич
Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аясында «Бәйтерек» монументінің территориясында ұйымдастырылатын бейнелеу өнері көрмесіне қатысатын ҚР Суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалының суретшілері туралы ақпарат.
Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі - Магомет Иссаұлы Кокурхоевтің есімін ұсынамыз. Магомет Иссаұлы Кокурхоевтің шығармашылығымен көптеген әуесқойлар өнері таныс. Ол 1955 жылы 21 ақпанда дүниеге келген. 1986 жылы Краснотурьинск көркемсурет училищесін аяқтады. Кескіндемеші. 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Бұрынғы Көкшетау облысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданы Сырымбет ауылындағы Ш.Уәлиханов музей-усадьбасының ішкі жасауының авторы мен атқарушысы болып табылады.
М. Кокрухоевтің «Мереке», «Тастар», «Гүлшоғыр» атты жұмыстары Астана қаласы ҚРөның тұңғыш Президенті мұражайында сақтаулы. Сонымен қатар оның жұмыстары Германия мен Англияның коллекционерлерімен алынған. Республикалық, облыстық, қалалық көрмелердің қатысушысы. 2005 ж. суретшінің 50 жылдық мерейтойына арналған жеке көрмесі ұйымдастырылды. Диплом, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қазіргі уақытта Магомет Иссаұлы Қазақстан Республикасы суретшілер Одағында қызмет етеді.
Құрылған күні: 18.04.2017 20:50
Жаңартылған күні: 18.04.2017 17:56
Қаралым саны: 2889