Қор-іріктеу комиссиясы
Бүгін, 28 қаңтарда АОТӨМ-де қор-іріктеу комиссиясы өтті. Археология, тарих және қор ғылыми-зерттеу бөлімдерінің қызметкерлері фотосуреттер, құжаттар, заттар жинап, тапсырды. 2018 жылы - Кеңөткел-19, 2019 жылы – «Алтынтау» (Васильковка) археологиялық экспедициясының қорытындысы бойынша 158 бірлік құнды артефактілер, сондай-ақ Ақмола облысының Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы танымал адамдары туралы материалдар тапсырылды. Барлығы музей қорына 295 зат берілді.
Құрылған күні: 28.01.2020 18:52
Жаңартылған күні: 28.01.2020 18:52
Қаралым саны: 1302