«Жеңіс сарбазы» айдары. Александр Герман (1908-1959)
Кеңес Одағының Батыры, эскадрон командирі, лейтенант
1908 жылы 29 маусымда Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомакаровка ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан Соғысына 1941 жылдың тамызынан бастап қатысып, Ленинград, Сталинград және 3-ші Беларусь майдандарында шайқасқа қатысты. 121-ші атты әскер полкінің 4 эскадрон взвод командирі, эскадрон командирі, ат ісінің нұсқаушысы болды.
1943 жылы 25 желтоқсанда Витебск облысын босатқаны үшін 32-ші кавдивизиясы бойынша бұйрықпен Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. Кеңес Одағының Батыры атағы А.М. Германға 1945 жылдың 24 наурызында жаудың қорғанысы қатты нығайтылған Борисовтың түбіндегі Берзинь өзенін соғыса өту кезіндегі ерлігі үшін берілді. Герман бастаған жауынгерлердің шағын тобы Веселово ауылының маңындағы өзен арқылы өтіп, жаудың бекінісіне барлау жасап, 121-ші дивизия бөлімдерін түсіруге қолайлы орын таңдады. Взвод 1944 жылдың 29 маусымында өзеннің басқа жағасындағы Антосина ауылын басып алып, өзінің 4-ші эскадронының өткелін қамтамасыз етті. Шайқаста А.М. Герман взводы жаудың 4 пулеметін, 2 минометін, 3 танкісін, 80 жуық автокөлігін және ондаған гитлерліктерді жойды. Ол ауыр жараланды, бірақ эскадронның жақындауына дейін взводты басқаруды жалғастырды. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Құрылған күні: 03.02.2020 13:04
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:44
Қаралым саны: 1827