«Жеңіс сарбазы» айдары. Юрий Гуров (1924—1945)
Кеңес Одағының Батыры, кіші лейтенант
1924 жылы 28 мамырда Ақмола қаласыда дүниеге келген. 1942 жылдың наурызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, сол жылы Мәскеу жаяу әскер училищесінде оқыды. 1942 жылдың қазанынан Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталинград, Дон, Оңтүстік- Батыс, 3-Украина майдандарында атқыштар взводын, кейін рота басқарған. 1944 жылы 13 сәуірге қараған түні 429-ат- қыштар полкіне қарасты Гуровтың ротасы алғашқылардың қатарында Днестр өзенінін Григориополь ауданы маңынан өтіп, жау плацдармын басып алды. Оны қолдан шығармау үшін рота жауынгерлері жаудың 22 карсы шабуылын тойтарды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Гуровқа батылдығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1945 жылы 8 сәуірде Будапешт қаласы үшін ұрыста ауыр жараланып, қаза болды, сол жерде, Геллерт тауында жерленген. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Құрылған күні: 05.02.2020 12:50
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:45
Қаралым саны: 1801