«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Зверев (1921-1991)
Кеңес Одағының Батыры, сержант
Николай Зверев 1921 жылы 19 желтоқсанда Ақмола қаласында дүниеге келді. 12-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 32-ші гвардиялық атқыштар полкінде атқыштар взводының командирінің көмекшісі болып қызмет етті. Беларусь майданында шайқасты. 1943 жылдың қыркүйек айының соңында дивизия Днепрдегі плацдарм үшін шиеленіскен шайқасқа қатысты. Взводпен бірге гитлершілердің шабуылын тойтарды. Қысқа, бірақ жойқын шайқаста взвод командирінің көмекшісі он бестен астам жаудың солдаттары мен офицерлерін жойды. 30 қыркүйекте кезекті немістерге қарсы шабуылдауда Зверев жараланды, бірақ жаралы бола тұра тағы бес басқыншыны жойды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Н.А. Зверевке Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
Құрылған күні: 10.02.2020 15:26
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:45
Қаралым саны: 1686