«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Веденеев (1897-1964)
Кеңес Одағының Батыры, танк әскерінің генерал-лейтенанты
1897 жылдың 16 наурызында Челябинск облысы Верхняя Санарка а. дүниеге келді. Әскери қызметте 1915 жылдан бастап. 1917 жылдан Ақмола қ. революциялық қозғалысының қатысушысы. Көкшетау және Атбасар қалаларында Есіл өзенінің ұрыстарына қатысты. Н. Веденеев Атбасар қалалық ревкомының төрағасы болып тағайындалып, осы лауазымда қылмыспен соғысты.
Ұлы Отан Соғысына 1941 жылдың шілдесінен бастап қатысты. Ұлы Отан соғысының басында танк әскерінің генерал-майоры, 8-ші мехкорпус қолбасшысының орынбасары, Белорусияда соғысқан. 1944 жылдың сәуірінен 8-ші гвардиялық танк корпусы қолбасшысының орынбасары, тамыздан 3-ші (кейін 9-ші гвардиялық) танк корпусының қолбасшысы, Берлин операциясына Берлинді алуға қатысты. Танк әскерінің генерал-майоры Веденеев 1945 жылы Одер өзенінен өту және Кюстрин плацдармын жаулап алу кезінде шабуыл ұрыстарында корпус бөлімдері мен құрамаларын шебер басқарды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығымен неміс басқыншаларымен күрес майданында жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны, сонымен бірге көрсеткен ерлігі және батырлығы үшін танк әскерінің генерал-майоры Николай Денисович Веденеевке Ленин ордені және Алтын жұлдыз медалін табысталумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін танк әскерінің генерал-лейтенанты.
Құрылған күні: 13.02.2020 12:51
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:45
Қаралым саны: 1881