«Алаш кайраткерлері – өлке тарихында» атты музей жобасы аясындағы «Алаш және Тәуелсіздік» тақырыбындағы дәріс
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері, 20 сәуір күні, Көкшетау қаласы №7 ОББ мектебінде, Алаш партиясының 100 жылдығына орай «Алаш кайраткерлері – өлке тарихында» музей жобасы аясында, «Алаш және Тәуелсіздік» атты дәріс өткізді. Тақырыптың өзектілігі: Алаш партиясының құрылуы, Алаш қайраткерлері, заманауи Тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуына зор үлесін қосып, ұйықтап жатқан елімізді оятып және де тәуелсіздік алу бастауында тұрды. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады. Дәріс мақсаты: XX ғасыр басында Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы, «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы, олардың империяға қарсы күресі және «Алаш» жетекшілерінің репрессияға ұшырауы туралы түсінік беру. Тақырыптың тәрбиелік мазмұнына тоқталып жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, бойына патриоттық сезім ұялату.
Құрылған күні: 21.04.2017 18:05
Жаңартылған күні: 21.04.2017 18:09
Қаралым саны: 2295