«Жеңіс сарбазы» айдары. Алексей Дмитриев (1919—1944)
Кеңес Одағының Батыры, гвардия капитаны
1919 ж. 25 ақпанда Көкшетау уезі Володар болысы Карасевка селосында туған. 1938 жылы Қорған Төбе АӘК арқылы Қызыл Армия қатарына алынған. 1940 жылы Мәскеудің артиллерия училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысының бірінші күнінен майданда болған. Брянск, Батыс майдандарына және 3- і Белорус майданының қатарында «Багратион» операциясына қатысқан. Ержүректілгі мен батырлығы үшін әскери басшылық оны Қызыл жұлдыз, 2 ¬дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Гвардия капитаны Алексей Дмитриев Литваның Шакяйск ауданындағы Францкабуда поселкасының маңында 1944 жылы 7 тамызда жаудың қатты шабуылына тойтарыс беріп, 5 танкісін қиратты. Бірақ жау алға жылжумен болды. Санаулы уақыттың ішінде капитан өз позицияларына қорғаныс ұйымдастырып, дивизион қаруларының оғын өзіне бағыттатты. Осылай жеке ерліктің үлгісін көрсете отырып, Дмитриев өзі жаудың 16 солдаты мен 3 офицерін жойды. Тағы бір шайқаста, 1944 жылдың 21 тамызында, Дмитриевтің дивизионы жаудың 8 танкісін жоқ қылды. Осы жылдың 17 қазанында болған жанкешті шайқаста Алексей Дмитриев ерлікпен қаза тапты. Литваның Кудиркас¬ Науместис қаласында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы қаза тапқаннан кейін берілді.
Құрылған күні: 17.02.2020 19:59
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:45
Қаралым саны: 1772