Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

«Жеңіс сарбазы» айдары. Иван Денисов (1924-1995)

«Жеңіс сарбазы» айдары. Иван Денисов (1924-1995)

Кеңес Одағының Батыры, взвод командирі, гвардия лейтенанты

1924 ж 19 желтоқсанда Новая Письмянка селосында (Татарстан) дүниеге келген. Соғысқа дейін Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы «Кеңес» ауылында тұрды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылды. 1943 жылы Моршан пулеметшілер училищесін бітірген. Солтүстік-Батыс, Оңтүстік Батыс, 3-ші Украин және Белорус майдандарындағы шайқастарына қатысты.1944 жылы 1 тамызда жаудың негізгі оқ ататын ұяларын бөліп тастап, оның взводы бүкіл полктің өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде жау плацдармы қолға түсті. Осындай ерен ерлігін бағалап, 1945 ж. 24 наурызында Денисовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Денисов 1966 жылдан бастап Алматы қаласында тұрды. 1995 жылы 14 мамырда дүниеден өтті.

Яндекс.Метрика

A+AA-