"Жеңіс сарбазы" айдары. Иван Дьяченко (1921-1962)
Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-шабылдауыш, авиаэскадрилья командирі
1921 ж. 7 қарашада Ақмола губерниясы Атбасар уезі Новопетропавловка (қазір Қаражар) селосында дүниеге келді.1940 жылы Бузылык педагогика училищесін аяқтайды, 1942 жылы Чкалов әскери авиация мектебін бітіреді. 1942 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Батыс, Оңтүстік-Батыс, 3-ші Балтық жағалауы майданында соғысты. 1944 жылдың қараша айына қарай капитан Иван Дьяченко 2-ші Прибалтика майданының 15-ші әуе әскері 305-ші шабуылдау дивизиясы 237 –ші шабуылдау авиация полкі эскадрильясын басқарады. 100 рет әскери ұшу жасап, жауға үлкен зиян келтіріп, ерлік пен батылдық көрсеткен.КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен капитан Иван Дьяченко Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі бірге табысталып, оған Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді. Сондай-ақ ол Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, Александр Невский ордендерімен және медальдармен марапатталған. Әскери-әуе академияда оқып, онда 1961 жылға дейін сабақ береді. Мәскеу қаласында тұрған, 1962 ж. 14 желтоқсанда дүниеден өтеді.
Құрылған күні: 28.02.2020 18:49
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:45
Қаралым саны: 1872