Музей жанындағы «МИРАС» үйірмесі
Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2017-2018 жж. арналған Қазақстан музейлерді дамытудың «Жол картасы» аясында ғылыми, мәдени білім беру жобаларды іске асыру мақсатымен «МИРАС» үйірмесі жұмыс жасайды. Аталмыш жоба Көкшетау қаласының мектеп оқушыларына арналған.
«Мирас» жобасының басты мақсаты – Ақмола-Көкше өңірінің тарихын зерделеу, Қазақстанның өткен тарихына қызығушылығын арттыру, қазақтың ұлттық мәдени мұрасын насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, сонымен бірге музейдегі түрлі ақпарат көздерімен окушыларды таныстыру, қарым-қатынас жасау, ғылыми ізденіс жолында ықпал ету. Әртүрлі әдістерде өтетін қызықты сабақтар музей педагогикасы мен жастарды ғылымға, мәдениет пен өнерге баулуға зор мүмкіндік береді. «Жол картасы» аясында ұсынылған «Мирас» бағдарламасы екі жылға есептелген, оның іске асыру жолында бірнеше бағытта қызмет қарастырылған: дәрістер, тақырыптық экскурсиялар, практикалық жұмыстары, интерактивтік сабақтары, кездесулер т.б.
Мысал ретінде, таяуда Көкшетау қаласындағы жалпы білім беру №4 мектеп оқушыларымен жеке сабақтар жүргізілді. Жұмыс барысында музей қорындағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы өлкенің тарихы жайлы мұрағаттық құжаттармен жұмыс жүргізілді. Ғылыми кеңесші, жетекшесі Б. Бейсенбайқызы. Келесі сабақтарда «Көкшетаудың тұңғыш музейі» және «Көне дәуіріндегі Қазақстан» тақырыптар бойынша дәрістер өткізу жоспарлануда. Музейтану саласы ретінде – музей педагогикасы аудиториямен араласу, оның деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Құрылған күні: 21.04.2017 18:10
Жаңартылған күні: 21.04.2017 18:14
Қаралым саны: 2840