Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Музей жәдігеріндегі соғыс жаңғыры

Музей жәдігеріндегі соғыс жаңғыры 0 Музей жәдігеріндегі соғыс жаңғыры 1 Музей жәдігеріндегі соғыс жаңғыры 2 Музей жәдігеріндегі соғыс жаңғыры 3 Музей жәдігеріндегі соғыс жаңғыры 4

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «ХХ ғ. Ақмола облысының тарихы» залында «1941-1945 жж. соғыс» бөлімінде Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері және кеңес сарбаздарының ерлігі туралы баяндайтын бірегей жәдігер – Брест бекінісінің күйген кірпіші ұсынылады. Осы жәдігердің түсу тарихы мынадай: 1965 жылы Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Виктория Петровна Слепушкина Мәскеу қ. өткен Целиноград өңірінің өлкетану музейлері директорларының кеңесіне қатысқан. Кеңес соңында КСРО Қарулы Күштерінің Музейінде кеңестің барлық қатысушыларына музей қорларын толықтыру үшін Брест бекінісінің тас бөліктерінен берген.

Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылдың 22 маусымынан 20 шілдесіне дейін Брест бекінісінің аздаған гарнизоны қоршауда болып, неміс-фашистік әскерлерінің басым күштеріне қарсы қорғанды (оқ-дәрі, азық-түлік, су жетіспеді). 1965 жылы Брест бекінісінің бұрын-соңды болмаған төзімділігі мен батырлығы үшін Батыр бекінісі атағы берілді, 1971 жылдан бастап бекіністің аумағында мемориалдық кешен ашылды.

Яндекс.Метрика

A+AA-