Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Забелкин (1921-2006)

«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Забелкин (1921-2006)

Кеңес Одағының Батыры, гвардия лейтенанты.

1921 жылы 21 сәуірде Көкшетау уезі Володар болысы Восточное селосында дүниеге келді. 1941 жылы майданға өз еркімен аттанды. 1943 жылы гвардия лейтенанты Н.Забелкин Днепродзержинск қаласы маңында Днепр өзенінен өту барысында ерен ерлігімен көзге түсті. 1943 жылы Днепропетровск Қызыл Тулы полкі 58-ші гвардия минометтік дивизионының барлау жұмыстарын басқарды. Вена және Будапешт қалаларын азат ету үшін болған ұрыстарға қатысты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 3 маусымдағы Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы күресте әскери басшылықтың тапсырмасын үлгілі орындағаны және батырлық танытқаны үшін гвардия лейтенанты Забелкин Николай Ивановичке Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі бірге табысталып, Кеңес Одағының батыры жоғары атағы берілді. Соғыстан кейін Мәскеу халықаралық қатынастар институтын аяқтайды, Мәскеудегі «Новости» баспасөз агенттігінің социалистік елдер редакциясында бас редактор қызметін атқарады. 2006 жылы 18 тамызда Николай Иванович өмірден өтті. Мәскеу қаласындағы Перепечинск зиратына жерленген.

Яндекс.Метрика

A+AA-