Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Зайцев (1917-1944)

«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Зайцев (1917-1944)

Кеңес Одағының Батыры, гвардия аға–лейтенанты

1917 ж. 16 қарашада Көкшетау уезі Крансоармейск ауданы Октябрьское селосында дүниеге келген.

1936 жылдан Қызыл әскер қатарында, 1942 жылдың қыркүйегінен Ұлы Отан соғысына қатысады.9-шы Гвардия әуе полкі 3-ші әуе эскадрилья командирінің орынбасары, гвардия аға лейтенанты. 1944 жылдың ақпан айына қарай 22 әскери әуе шабылуын орындайды. Әскери басшылықтың тапсырмалары үлгілі орындағаны және топ құрамында жау кемесін суға батырғаны, жеке өзі екі кеме мен бір танкерді суға батырғаны үшін 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 ж. 11 мамырда қаза болды.

Яндекс.Метрика

A+AA-