«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Должанский (1917-2011)
Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-шабуылдаушы, гвардия лейтенанты
1917 ж. 27 қыркүйекте Көкшетау уезі Зеренді ауылында дүниеге келді. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы жол басқармасында техник болып жұмыс істеді және аэроклубта оқыды. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Чкалов әскери авиациялық училищесін тәмамдады. 1943 ж. шілде айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Днепр, Киевті азат ету үшін болған шайқастрада 54 әскери әуе шабылуын жасады. 10-шы гвардиялық шабуыл авиациялық дивизиясының 165-ші гвардиялық шабуыл авиациялық полкінің аға ұшқышы, 2-ші авиациялық армия, 1-ші Украиналық гвардия фронтының лейтенанты Должанский 1944 жылдың тамызында жаудың жұмыс күшін және техникасын жою үшін 113 әуе операцияларын орындады (соғыстың соңына қарай - 175). Ұрыстарда корсеткен ерлігі үшін Должанскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 26 қазандағы Жарлығымен «Неміс басқыншыларына қарсы күресте әскери басшылықтың тапсырмасын үлгілі орындағаны және ержүректілік танытқаны үшін» гвардия лейтенанты Николай Должанскийге Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі бірге табысталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 2011 ж. 25 қазанда дүниеден өтті.
Құрылған күні: 09.03.2020 14:41
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:46
Қаралым саны: 736