Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Зебницкий (1919-1975)

«Жеңіс сарбазы» айдары. Николай Зебницкий (1919-1975)

Кеңес Одағының Батыры, аға лейтенант

1919 ж. 17 желтоқсанда Көкшетау уезі Красноармейск ауданы Ново-Сухотино селосында дүниеге келеді.1940 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Орлов жаяу әскер училищесіе оқуға жіберіледі. 1941 жылдың шілде мен қыркүйек айлары аралығында Батыс майданда басқыншыларға қарсы ұрыстарға қатысады.

Соғыс кезінде ол партизан қозғалысының белсенді қатысушысы және халық кек сақшысы ретінде танымал болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1 қантардағы Жарлығымен «Жау тылында әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін және Белоруссияда партизандық қозғалыстың дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» аға лейтенант Николай Зебницкийге Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі бірге табысталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Н.Зебницкий КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызмет етті.1978 ж. 29 қарашада дүниеден өтіп, Гомель қаласында жерленген.

Яндекс.Метрика

A+AA-