Халықаралық өзендер күні
14 наурыз – Халықаралық өзендер күні – ғаламшардың бірыңғай экожүйесін бұзатын бөгеттер мен тоғандарды салуға бүкіл адамзаттың назарын аударуға арналған.
Су – өзендер, көлдер, теңіздер, мұхиттар, адамзатқа табиғат сыйлаған ең үлкен байлық және оның әрбір тамшысы – қымбат, өйткені адамның сусыз өмір сүруі мүмкін емес.
Ақмола облысының аумағы бойынша ағатын ірі өзендердің бірі Есіл өзені. Музей «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» жобасы аясында өзенді кешенді зерттеумен айналысады. Елорда өзені – Есіл. Есіл қарапайым өзен, су, су жолы ғана емес. Есіл – қазақ халқының және оның жағасында тұратын барлық халықтардың өткені мен бүгіні, ескі мен жаңа, ұлы мен мәңгілік тоғысқан тарихи жол.
Мамандардың пікірінше, өзеннің табиғи ағысының бұзылуы адам жеңе алмайтын табиғи катаклизмдердің себебі болуы мүмкін. Соңғы зерттеулер бойынша әлем бойынша миллиардтан астам үлкен және кіші өзендер ағады, бірақ жыл сайын реттелмеген су айдындарының саны азаюда. 14 наурызда көптеген елдерде халықаралық өзендер күні атап өтіледі. Бұрын өзендер, су және өмір үшін Халықаралық бөгеттерге қарсы күрес күні деп аталған. Сондай-ақ ол әлемде «Халықаралық өзендер желісі» америкалық қоғамдық ұйымы бастамасы бойынша экологиялық күндер күнтізбесінде пайда болған «Бөгеттерге қарсы халықаралық іс-қимыл күні» ретінде де белгілі.
Құрылған күні: 15.03.2020 11:04
Жаңартылған күні: 15.03.2020 11:04
Қаралым саны: 1562