«Жерді қорғау күні» атты дөңгелек үстел
21 сәуір күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өркениеттің қалдықтары: мәселелері мен шешу жолдары» атты жоба аясында Халықаралық мамандандырылған Астана ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» атты көрмеге арналған Дүниежүзілік Жер күніне «Жерді қорғау күні» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
22 сәуір – Халықаралық Жер күні – планетаға деген жауапкершілік әрі адам қызметінің қайтарымсыз салдарына жол бермеуді еске салады. Бұл күнді өзімізге қажетті – таза су, жер мен ауа мерекесі деуге де болады.
Дөңгелек үстел отырысының қатысушылары: «Жерді қорғау күні» атты ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары, баяндамашылардың жетекшілері; Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің география, экология және туризм кафедрасының, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері; «Көкшетау» МҰТП-нің, Ақмола облысы бойынша экология Департаментінің, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, «LS Kokshetau» ЖШС.
Құрылған күні: 21.04.2017 21:15
Жаңартылған күні: 21.04.2017 18:17
Қаралым саны: 3060