Музей уақытша өз жұмысын тоқтатады
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығының «Сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметінің тоқтату туралы» 3.3-тармағының негізінде, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі мен филиалдары 2020 жылғы 17 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін халықпен жұмысын уақытша тоқтатады.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтындағы виртуалды 3D тур арқылы музейдің экспозициялық залдарын үйден шықпай-ақ тамашалай алатындарын өз келушілерімізге хабарлаймыз.
Кездескенше!
Құрылған күні: 16.03.2020 14:46
Жаңартылған күні: 16.03.2020 14:46
Қаралым саны: 1190