«Жеңіс сарбазы» айдары. Георгий Игишев (1921 -1943)
Кеңес Одағының батыры, капитан
1921 жылдың 1 қазанында Ақмола қаласында дүниеге келді. 1941 жылдың қарашасынан Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1941 жылдың қараша айынан Солтүстік-Батыс, Брянск және Орталық майдандарда шайқасты. Орталық майданның танкіге қарсы жойғыш артиллериялық полкі батареясының командирі, капитан Игишев Понырь станциясының аумағындағы (Курск облысы) Кошары, Самодуровка ауылдарын ерен ерлігімен қорғап қалды. Капитан Г.И. Игишевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 7 тамыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Самодуровка ауылының, қазіргі Курск облысының Игишев ауылы, бауырластар зиратында жерленген.
Құрылған күні: 16.03.2020 15:44
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:46
Қаралым саны: 1812