«Жеңіс сарбазы» айдары. Пётр Исаков (1923—1945)
Кеңес Одағының батыры, гвардияның аға лейтенанты
1923 ж. 13 маусымда Ақмола облысы Алексеевка кентінде (қазіргі Ақкөл) дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Петр Исаков 1-ші Беларусь майданының 8-ші гвардиялық армиясының 47-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 142-ші гвардиялық атқыштар полкінің ротасын басқарды. Польшаны азат етуде ерекше батырлықтың үлгісін көрсетті.
1945 жылдың 14-15 қаңтары рота Исаковтың Варка қаласынан шығысқа қарай Закшев елді мекенінің ауданында неміс қорғанысын сәтті бұзып, үстемдікке ие биіктіктегі жау тірек пунктін талқандады. 17 қаңтарда Исаков ұрыста қаза тапты. Польшаның Радомский воеводствосы Станишуб ауылында жерленген. 1945 жылдың 24 наурызындағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен аға лейтенант Петр Исаков қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сондай-ақ Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.
Құрылған күні: 19.03.2020 15:25
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:46
Қаралым саны: 1599