«Жеңіс сарбазы» айдары. Никита Карацупа (1910-1994)
Кеңес Одағының батыры, шекара әскерінің полковнигі.
Запорожье облысы Алексеевка а. дүниеге келген. 1913 ж. анасымен бірге Қазақстанға көшіп келіп, Атбасар қаласында өмір сүреді. 7 жасында жетім қалғандықтан, Көкшетау облысының Щучье балалар үйінде тәрбиеленеді. 1932 ж. шекара әскеріне шақырылады. 1944 жылдың мамырынан Беларусь шекаралық округі әскерінің құрамында ұрыстарға қатысып, КСРО батыс шекарасын қалпына келтіруге қатысады. Шекарадағы қызмет кезінде 338 тыңшылар мен диверсанттарды ұстап, қарсыласқан 129 жояды. Запастағы полковник Никита Федорович Карацупке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» (№ 10705) медалімен марапатталады.
Құрылған күні: 25.03.2020 17:07
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:46
Қаралым саны: 1695