«Жеңіс сарбазы» айдары. Гавриил Кирдищев (1919-1944)
Кеңес Одағының Батыры, кіші лейтенант
1919 жылы 20 наурызда Ақмола облысы Ақкөл ауданы қазіргі Приозерное ауылында дүниеге келді. 1938 жылы Петропавл әскери комиссариатымен ІІХК шекара әскеріне шақырылды. 1941 жылы КСРО ІІХК әскерінің 205-ші атқыштар полкіне ауыстырылды. 1944 жылдың 13 шілдесінде Вилен уезі Пустоваловка ауылының аумағында Гавриил Кирдишев заставамен бірге 300 гитлерліктерге қарсы шайқасты, онда олар жаудың негізгі күштерін жойды. Шабуылдау барысында заставаның командирі жарақаттан қаза табады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен неміс-фашистік басқыншылармен күрес майданында қолбасшылық әскери тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін және сол кезде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін кіші лейтенант Кирдищев Гавриил Федотовичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қайтыс болғаннан кейін). Ленин орденімен марапатталған Кирдищевтің есімі Камчаткадағы «Налычево» шекара заставасына беріліп, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Ақкөл ауданының орта мектебі және Қиыр Шығыс теңіз кеме шаруашылығының теплоходы оның есімімен аталды.
Құрылған күні: 26.03.2020 21:26
Жаңартылған күні: 27.03.2020 21:46
Қаралым саны: 1887