Қазақстан халықтары бірлігі күні
«Қазақстан халықтарының достығы – еліміздің баға жетпес игілігі әртүрлі ұлт
өкілдерінің өзара сенімділігі, заң алдындағы теңдігі болмаса, мемлекеттің гүлденуі де
болмайды, демек қарапайым адамдардың бақытты өмір сүрі де мүмкін емес»
Н.Назарбаев
Қазақстан халықтары бірлігі күні мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25-інші сессиясының қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне тақырыптық экскурсияға көпсалалы азамттық қорғаныс колледжінің 1-інші курс студенттері (директоры А.Ж. Тюлебаев) басшылары Г.Е. Бекжановамен шақырылды.
Экскурсия мақсаты – Ақмола облысы аймағында тұратын этностардың тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық киімдер арқылы Қазақстан халқының көп ұлттылығын дәріптеу.Жалпы тарих бөлімінің кіші ғылыми қызметкері И.А. Кусаинова жастарды Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, Ақмолалық Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, Ақмола облысындағы этномәдени ұйымдардың қызметі туралы мәліметтермен таныстырды.
Құрылған күні: 27.04.2017 12:49
Жаңартылған күні: 27.04.2017 12:49
Қаралым саны: 2512