Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

«Жеңіс сарбазы» айдары. Яков Киселев (1925-2018)

«Жеңіс сарбазы» айдары. Яков Киселев (1925-2018)

Кеңес Одағының Батыры, гвардия жауынгері

1925 ж. 5 қарашасында Ақмола губерниясы Еркіншілік болысы Ильинка селосында дүниеге келген (қазір Ерейментау ауданы, ауыл Бестоғай).1943 ж. қыркүйегінен Ұлы Отан соғысының майданында. 37-ші әскердің 92-ші гвардия атқыштар дивизиясы 280-ші гвардиялық атқыштар полкінде зеңбірек бағыттаушысы. Лиховка селосы (Днепропетровск облысының Пятихатск ауданы) маңындағы плацдармы кеңейту ұшін болған шайқастрада көзге түсті.

Киселевтің ерлігі бағаланып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және ерлігі мен батылдық көрсеткені үшін Яков Киселевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1969 ж. полковник Киселев запасқа шықты. Курск қаласында тұрған. Ақмола облысының Ерейментау қ. және Новомакаровка с. көшелеріне Киселев аты берілді.

Яндекс.Метрика

A+AA-